АНАЭРОБТЫ ОРГАНИЗМДЕР

АНАЭРОБТЫ ОРГАНИЗМДЕР, анаэробтар (грек. an — сыз, сіз, емес қосымшасы, aer — ауа және bios — тіршілік) — оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер. 1861 ж. Л. Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін А о. терминін ғылымға енгізген. А. о., негізінен, прокариотты организмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер ішінде ішек паразиттерінде (атап айтқанда, таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. А. о. тіршілік ететін ортасында оттегінің болу не болмауына байланысты олигатты А. о. және факультативті А. о. болып 2 топқа бөлінеді. О л и  гатты А. о. — тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін организмдер. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады. Көп клеткалы жануарлар арасында олигатты А. о. кездеспейді. ФакультативтіАо. — табиғатта оттектің бар-жоғы на қарамай тіршілік ететін организмдер (мыс., ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т.б.). А . о ., негізінен, құрамында оттек бар органик. қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. А, о. аэробтық организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органик. және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір А. о. асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) А. о. түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм, газды гангрена, т.б.) таратуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *