АНАУ МӘДЕНИЕТІ

АНАУ МӘДЕНИЕТІ — Оңт. Түрікмения жерінде б.з.б. 5 — 3-мыңжылдықтан сақталған көне мәдениет ескерткіштері. Алғаш 1886 ж. А.В. Комаров Ашғабаттан шығысқа қарай Анау т.ж. ст-ның жанында орналасқан екі биік төбені зерттеген. 1904 ж. американ геологы Р. Пампелли, неміс археологы Г. Шмидт Анау төбелеріндегі қазба жұмыстарын жалғастырды. Табылған ескерткіштер осы жердің атымен Анау мәдениеті деп аталды. Оның дамыған кезеңіне жататын Намазга, Геоксюр, Алтындепе (суретті қ.) ескерткіштері қазылған. Бұл кезде “қалалық типтегі” (ғылымға В.М. Массон енгізген) мекен қалыптасқан. Ескерткіштер аумағы 10 га жерді алып жатыр. Көлемі 28,5 м2, бөлмелердің едендері қара және қызыл түспен боялған. Табылған қыш құмыралардың 30%-і қара, қызыл, ақ түстерге боялып, геом. өрнектер салынған. Анаулықтарда ұсталық зергерлік өнер жоғары дамыған. Ашылған қабірлерден сырға, моншақ, т.б. асыл тастардан жасалған бұйымдар алынды. Ескі қала орындарынан соқа, орақ, қанжар, мөрлер табылды. Алтындепе ескерткіштерінде көлемі 1,5 см келетін қасқыр басы, мүйізі, құлағы күмістен, көзі асыл тастармен жапсырылған, көлемі 7,5 см келетін бұқа басының табылуы анаулықтар өркениетінің жоғары болғанын көрсетеді. Бұл мәдениет Орт. Азияның қола дөуірі тұрғындары өміріне көп өзгерістер әкелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *