АНАТОМИЯ

АНАТОМИЯ (грек. anatome — кесу, бөлшектеу) — организмнің құрылысын (көбінесе ішкі) зерттейтін морфология ғылымының бір саласы. Ол жануарлар анатомиясы (зоотомия) және өсімдіктер анатомиясы (фитотомия) болып ажыратылады. Жануарлар А- сынан адам анатомиясы (антропотомия) өз алдына бөлінеді. Сондай-ақ жануарлар А- сының салыстырмалы А-сы деп аталатын жеке саласы да бар. Ол жануарлардың дене құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығын зерттейді. Соның нәтижесінде жануарлардың бір-біріне туыстық жақындықтарын және эволюциялық даму кезіндегі шығу тегін анықтайды. А. — өте ертеден келе жатқан ғылым. А. туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде (б.з.б. 11 ғ.), Аристотель (б.з.б. 384 — 322) және К.Гален (шамамен 130 — 200) еңбектерінде кездеседі. А. туралы алғашқы ғыл. түсінікті 1543 ж. А. Везалий берген. Қазақ жерінде А. мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғ.), X. Досмұхамедовтың және А. Рақышевтың еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *