АНАТЕКСИС

АНАТЕКСИС (грек. anatexis —  балқу) — тау жыныстары жарым-жартылай балқып, магмаға айналатын ультраметаморфтану процесі. Бұл процесс кезінде метаморфталған жыныстан құрамының 1/3 бөлігі кварцтан, 2/3 бөлігі дала шпаттарынан тұратын төмен температуралы сұйықтық (гранит эвтектикалы балқыма) бөлініп, балқып шығады. Тәжірибе нәтижелері бойынша гнейстен 95%-ке дейін, граувактан 70%-ке дейін граниттік балқыма шығады. Олардың пайда болу темп- расы шамамен 700 — 800°С.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *