АНАЛЫҚ ТҰҚЫМ КЛЕТКАСЫ

АНАЛЫҚ ТҰҚЫМ КЛЕТКАСЫ, а н а л ы қ ж ы н ы с клеткасы (лат. Ovum — жұмыртқа, грек. kytos — клетка) — аталық тұқым клеткасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын тұқым клеткасы (овоцит). А. т. к. төм. сатыдағы өсімдіктерде пісіп жетіледі. Оны оогония деп, ал жоғ. сатыдағы өсімдіктердің А. т. к-н архегония деп атайды (қ Архегоний). А. т. к. жануарларда аналық безде дамиды.

А. т. к-ның цитоплазмасындағы қоректік зат (сары уыз) мөлшері жануарлардың әр түрлі тобында түрліше деңгейде жиналады. Осыған байланысты овоциттердің диам. 100 мкм-ден бірнеше мм-ге дейін жетеді. Ал жиналған сары уыздың мөлшеріне байланысты А. т. к-н олиголециталды, мезолециталды, полилециталды деп 3 топқа бөледі. Сары уыз олиголециталды А. т. к-нда аз (мыс., ланцетниктер мен сүтқоректілерде); м е з о л е ц и т а л д ы А. т. к-да орташа; полилециталды А. т. к-нда (мыс., қосмекенділер мен балықтарда) көп мөлшерде жиналады. Организмдегі А. т. к. ядродан, цитоплазмадан және қабықшалардан тұрады. Жыныстық көбеюде аналық және аталық тұқым клеткаларының қосылуынан пайда болатын зигота клеткасынан жаңа организм дамиды. А. т. к-ның тұқым қуалау белгілерін ұрпақтарға таратуда маңызы зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *