АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ, аналитика — заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Ең алғаш “химиялық анализ” ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал “А х.” ұғымын 1801 ж. В.А Лампадиус енгізген. А. х-ның даму кезеңдері: алхимиялық (4 — 16 ғ.), иатрохимиялық (16 — 17 ғ.), флогистондық (17 — 18 ғ.) және ғылыми (19 — 20 ғ.) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері — талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты А х. іргелі және қолданбалы ғылым. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады. Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, алсандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін белшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың хим. (классикалық), аспаптық, биол. әдістері бар. Хим. әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) хим. реакциялар арқылы қолданылады. Аспаптық әдістер физ. құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физ. әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биол. әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген. Қазақстанда А. х-ның дамуы М.Т. Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғыл. жұмыстардың нәтижесінде ҚазМУ- дің А. х. кафедрасы ірі ғылыми орталыққа айналды. А. х. салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электр аналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды. Амперметрия, инверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И. Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф. Сперанская), т.б. металдардың (О.А. Сонгина, В.А. Захаров, З.Б. Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н. Матакова) анықтаудың әдістері жасалды. Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электр химиялық процестерге әсері (мыс., мыс, кадмий, таллий, мырыш сияқты металдардың электродтарда бөлінуі) зерттелді (М.К. Наурызбаев, Д.К. Меңдәлиева). Болаттың түрлі маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары ұсынылды (Т.З. Ахметов). Термодинамикалық зерттеулерге сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теориялық негіздері жасалды (Х.Қ. Оспанов). Комплексті қосылыстарды аналитикалық мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғыл. жұмыстар жүргізілді (Е.Ә. Мәмбетқазиев, А.М. Шалдыбаева). А. х. саласындағы мамандар Қазақ мемл. Ұлттық және Қарағанды мемл. ун- ттерінде даярланады, ал А. х. зерттеулерін Қазақстан ҒМ — ҒА-ның арнаулы ғыл. кеңесі үйлестіріп отырады. Қазіргі кездегі А. х-ның негізгі мәселелері: аспаптық және биол. әдістерді жетілдіру, автоматтандыру және математикаландыру, аралық хим. әдістерді дамыту, әдістердің сезгіштігі мен дәлдігін жоғарылату, тест- әдістерді дамыту., аналитика — заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Ең алғаш “химиялық анализ” ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал “А х.” ұғымын 1801 ж. В.А Лампадиус енгізген. А. х-ның даму кезеңдері: алхимиялық (4 — 16 ғ.), иатрохимиялық (16 — 17 ғ.), флогистондық (17 — 18 ғ.) және ғылыми (19 — 20 ғ.) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері — талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты А х. іргелі және қолданбалы ғылым. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады. Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, алсандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін белшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың хим. (классикалық), аспаптық, биол. әдістері бар. Хим. әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) хим. реакциялар арқылы қолданылады. Аспаптық әдістер физ. құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физ. әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биол. әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген. Қазақстанда А. х-ның дамуы М.Т. Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғыл. жұмыстардың нәтижесінде ҚазМУ- дің А. х. кафедрасы ірі ғылыми орталыққа айналды. А. х. салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электр аналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды. Амперметрия, инверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И. Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф. Сперанская), т.б. металдардың (О.А. Сонгина, В.А. Захаров, З.Б. Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н. Матакова) анықтаудың әдістері жасалды. Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электр химиялық процестерге әсері (мыс., мыс, кадмий, таллий, мырыш сияқты металдардың электродтарда бөлінуі) зерттелді (М.К. Наурызбаев, Д.К. Меңдәлиева). Болаттың түрлі маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары ұсынылды (Т.З. Ахметов). Термодинамикалық зерттеулерге сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теориялық негіздері жасалды (Х.Қ. Оспанов). Комплексті қосылыстарды аналитикалық мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғыл. жұмыстар жүргізілді (Е.Ә. Мәмбетқазиев, А.М. Шалдыбаева). А. х. саласындағы мамандар Қазақ мемл. Ұлттық және Қарағанды мемл. ун- ттерінде даярланады, ал А. х. зерттеулерін Қазақстан ҒМ — ҒА-ның арнаулы ғыл. кеңесі үйлестіріп отырады. Қазіргі кездегі А. х-ның негізгі мәселелері: аспаптық және биол. әдістерді жетілдіру, автоматтандыру және математикаландыру, аралық хим. әдістерді дамыту, әдістердің сезгіштігі мен дәлдігін жоғарылату, тест- әдістерді дамыту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *