АНАЛИТИКАЛЫҚ ТІЛДЕР

АНАЛИТИКАЛЫҚ ТІЛДЕР — сөйлем құрамындағы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы. Дүниедегі тілдер екі жікке бөлінеді: бірі —синтетикалық тілдер, екіншісі — А. т. Соңғы топқа ағылшын, француз, дат, болғар, жаңа парсы, т.б. тілдер жатады. Дүниедегі тілдер граммат. құрылымы жағынан осылайша екі топқа бөлінгенімен, таза аналитик. және таза синтетик. тілдер кездеспейді. Мыс., синтетик. тілдер тобына жататын қазақ тілінің граммат. құрылымында А. т- дің нышаны мол кездеседі.Қазақ тіліндегі сөздердің ешбір жалғаудың көмегінсіз, сөйлем құрамындағы орын ыңғайына қарай байланыса алатыны — соның айғағы. Мұндай құбылыс алтын сағат, күміс қасық, азу тіс деген тіркестердегі анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің, ақырын жүр, тез кет деген тіркестердегі пысықтауыш пен баяндауыштың өзара ешбір қосымшасыз байланысуынан анық көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *