АНАКОНДА (Eunectes) — айдаһар тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі жыландардың ең ірісі. Денесінің ұз. 10 м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталған А-ның ұз. 11,4 м- ден асқан). А-ның жон арқасында 2 қатар қоңыр тұсті ірі дақтары, танау тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы жүзеді, әрі сүңги алады. А-ның 3 түрі бар. Олар Оңт. Американың тропиктік зонасында тіршілік етеді. Омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Кейде үй жануарларына, адамға шабуыл жасайды. Құрғақшылық кезде батпақ арасына тығылып, уақытша ұйқыға кетеді. А. 28 — 42-дей тірілей ұрпақ береді, кейбір түрі жұмыртқа салып көбейеді. 5 — 6 жыл (кейде 28 жыл) өмір сүреді. Жергілікті үндіс тайпалары А-ны “Амазонка рухы”, “Су анасы” деп атын атамай, өзіміздің “Арғы тегіміз” деп табынады және оның бағалы терісі, еті, майы үшін аулайды.