АНАКО

АНАКО (ANAСО, А т ы р а у мұнай акционерлік компаниясы) — мұнай өндіретін мемлекеттік емес компания. Жеке тұлғалардың құрылтайшылығымен құрылып, мұнай барлау жұмыстарына мемл. лицензия алған (1994). Шағын вахталык кенті және электр ст-сы бар. Атырау облысындағы жаңа мұнай кеніштерін бұрғылау жұмысына тендер жарияланған кезде оған Шығыс Еуропаның бірнеше елінің, АҚШ-тың, Ресейдің компаниялары қатысты. Тендерді жеңіп алған компаниялардың арасында қазақстандық А. да бар. А-ның бизнес жоспары Еуропа Қайта кұру және Даму Банкінің талабына сай жасалған. Жылына 200 — 250 мың т мұнай өндіреді (1997).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *