АНАБОЛДАНУ

АНАБОЛДАНУ, а н а б о лизм (грек. anabole — жоғарылау, көтерілу) — тірі организмдегі клеткалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы. А. организмнің қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен организм арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан клетка құрамындағы күрделі органик. қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. А. — катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнергет. процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. А. жануарларда алғашқы даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетац. көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. А. — бейорганик. заттардан органик. қосылыстар құруда, яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *