АНАБАЗИН

АНАБАЗИН — жапырақсыз бүлдіргенде (Anabasis aphylla) және темекіде (Niotina tabacum) кездесетін алкалоид. Изомері — никотин. Түссіз келеді, суда, жарықта сарғаятын тұтқыр сұйық, қайнау темп-расы 276°С. Суда, органик. ерітінділерде жақсы ериді, тұздар түзеді. А. — улы зат, улылығы 5,0—10,2 мг/кг. Оның организмге әсері никотиндей ганглионарлы. Аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады. Соның нәтижесінде тыныс алуды жиілетіп, артериялық қан қысымын көбейтеді. Тері арқылы денеге жеңіл сіңіп, уландырады. А-нің хлор-сутекті тұзы темекі тарту әдетін қойдыруға жақсы әсер етеді. А. сульфатты инсектицид ретінде, сондай-ақ малдарды емдеуге қолданылады. Бірақ А- нің улылығы жогары болғандықтан өндіруге тыйым салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *