АМХАРАЛАР

АМХАРАЛАР (өзд. атауы — амара) — халық. Эфиопияның орт., солт. және шығ. өңірлерін мекендейді. Жалпы саны 21 млн. адам (1992). Аралық эфиоп нәсіліне жатады. Жазуы төл графикасына негізделген. Христиан-монофист, католик, протестант, мұсылман діндерін тұтынады. 13 — 14 ғ. Амхара — Сайнт және Шоа аймақтарында А. этник. қауымдастығы пайда болды. Геэз тілінен бастау алған әдеби тілі 17 ғ-да қалыптасты. 14 ғ-дан бастап А. Эфиопия мемл-ндегі басым этносқа айналды. 1974 ж. ұлттық-демок. төңкеріске дейін А. қалыптаса бастаған эфиоп ұлтының негізін (тигр, тиграйлармен қоса) құрады және қала халқының көпшілігі болды. Негізгі кәсібі суармалы егіншілік, мал ш., үй құстары мен ара өсіру. Ұсталық, зергерлік, құмыра жасау, былғары, тері илеу, тоқымашылық дамыған. Елді мекендердің ортасында бейіт ғибадатхана, оны қоршай ағаш бұтақтары мен қамыстан жасалған лашықтар орналасады. Негізгі ұлттық тағамы — инжирден пісірілген тұщы нан, бидай, етке қосылатын ащы шәрдәрі (вот), балдан жасалған жеңіл масайтқыш сусын (тэдж), кофе.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *