АМИНОПЛАСТ

 АМИНОПЛАСТ, карбамидті пластиктер— құрамында амин тобы бар органикалық заттардың (мочевина, меламин, анилин, т.б.) альдегидпен әрекеттесуі нәтижесінде алынатын пластмассалар. Олардың арасындағы ең көп тарағаны — мочевина. А. формальдегидтік және меламинформальдегидтік шайырдан алынады. Ол күн сәулесінің, судың әсеріне төзімді, иіссіз, тиісті реңге боялады, ток өткізбейді және қышқылдар мен негіздердің, спирт, бензин, ацетон, т.б. органик. еріткіштердің әсеріне де төзімді келеді. Өнеркәсіпте А. ұнтақ, қабатты немесе кеуек-қуысты масса түрінде шығарылады. Ұнтақ А-тардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, телефон, радио және телевизор қораптары, т.б. әзірленеді. Қабатты А. түссіз, мөлдір болғандықтан, жиһаз бетін, үй қабырғасын, т.б. әсемдеу үшін пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *