АМЕРИКА РАСАСЫ

АМЕРИКА РАСАСЫ, негізгі өкілдері Америка құрлығының көне тұрғындары — үндістер болып табылады. Сыртқы ерекшеліктеріне қарай, әсіресе, бойларының биіктігіне, бас бітіміне, мұрын қырының түзулігіне, т.б. морфол. құрылымдарының өзгешеліктеріне байланысты әр түрлі пікірлер айтылған. Солай бола тұра олардың жалпы ортақ антропологиялық болмысын ескере отырып, үлкен монғолоид нәсіліне енетін арнайы А. р. деген атау берілген.

Түсінің қоңыр сарылығы, түзу және қатты шаштары, сақал-мұрттарының сиректігі, жақ сүйектерінің көтеріңкі, көз ұялары биік болуы, жоғары күрек тістерінің ішкі жағындағы үлкен шұңқырлары, қызыл қан (АВО) жүйелерінің ішінде О тобының өте жиі кездесуі, т.б. А. р-н монғолоид тобына жатқызуға негіз болған морфол. белгілер. Азия құрлығындағы монғолоидтарға қарағанда көздің ішкі бұрышындағы монғол қатпары сирек, мұрын қыры, көбінесе, көтеріңкі келеді. А. р. шартты түрде солт., орт., оңт. топтарына бөлінеді. Сонымен қатар кейбір антроп. зерттеулерде солт. А. р. атлант пен тынық мұхиттықтар деген екі жікке бөлініп қарастырылады. Солт. А. р. тобы өкілдерінің бойы сұңғақ, мұрын қыры, көбінесе, түзу немесе қоңқақ, бас пішімі орташа жұмыр болады. Орталық А. р. өкілдерінің бойлары аласалау, қыр мұрынды, жұмыр басты (брахикефалия), түсі қоңырқай келеді. Оңт. А. р. өкілдерінің бойлары аласа, шаштары түзу және қатты, мұрын қырлары қайқы біткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *