АМЕРИКА,Америка Құрама Штаттары (АҚШ)

АМЕРИКА,Америка Құрама Штаттары (АҚШ) (United States  of America) — Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аум. 9363,2 мың км2. Халқы 258,2 млн. адам (1997). Астанасы — Вашингтон қ-сы (607 мың, 1997). Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анжелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солт.-батысындағы Аляска, Тынык мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі — ағылшын тілі. Халықтың 66%-і протестанттар, 26%-ке жуығы католиктер. Үкімет пен мемл. басшысы — президент. Заң шығарушы орган — палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Табиғаты. АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропик белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктик., ал Гавай штаты — Тынық мұхиттың тропик. белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордияьера таулары, Сеңгір таулары мен Аппалач тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы, Мексика маңы ойпаты жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау — Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6194 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералдық шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентастарының қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Олар елдің орталығы мен солт. аймақтарындағы (Канада қалқаны) магмалық жыныстарда көптеп кездеседі. Тас көмір (Аппалач таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық), Солт. Америка платформасының шөгінді қаптамаларынан табылған. Ал Кордильера таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Климаты қоңыржай және континенттік субтропиктік. Тынық мұхит жағалауында теңіздік, Атлант мұхиты жағалауында континенттік-теңіздік, Флорида түбегінің оңт-нде тропиктік, Алясканың солт-нде арктикалық болып келеді. Қаңтар айының орташа темп- расы Аляскада -8°С, Орталық жазықтың солт-нде -24,8°С. Елдің оңт.-батысында қаңтар айының орташа темп-расы 12°С-дан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа темп-расы батыс жағалауда 14 — 22°С, шығыста 16 — 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс Жарты шардағы ең жоғарғы темп-ра Ажал аңғарында 656,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлш. Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 — 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 — 2000 мм; Орталық жазықта 600 — 900 мм, Ұлы жазықта — 400 — 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) — 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның ең көп мөлш. Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұз. Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант жөне Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солт.-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км2 аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио к-дерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында Солт. жарты шардың түгелдей дерлік табиғи белдемдері орналасқан. Аляскада — арктик. шөл, тундра және орманды тундра; солт.-шығыста — қылқанды және аралас орманды белдем, оңт-ке қарай бұл белдемді субтропиктің жалпақ жапырақты ормандары алмастырады. Орталық жазықтың батысында биік шөптесінді дала (прерия), ал Ұлы жазықта құрғақ дала жатыр. Кордильера тауларының беткейлерін, негізінен, қылқан жапырақты орман қамтыған. Орталық бөлігінің жазықтарында шөл және шөлейт далалар орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемл. қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.  Тарихы. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 — 1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солт. Американы отарлауға кірісті. 18 ғ-дың 60-жылдарына қарай Англия Солт. Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғ- дың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Солт. Америкадағы ағылшын отарларында нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық дамыды және біртұтас солт. Америкалық ұлт қалыптасты. Алайда бұл жерлерде экон-ның жедел дамуына ағылшын отаршыларының саясаты кедергі келтірді. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 — 83). 1776 ж. 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемл-ке айналды, 1-Америка-бурж. рев-сы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітімшарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Дж. Вашингтон сайланды. 1776 ж. Құрлықаралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Т. Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеум. топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемл. әкімшілікті қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солт-ке қашты. Солт-те бірқатар штаттарда құлдық жойылды, 1860 ж. елде 488 мың еркіндік алған зәңгілер болды. 19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ-тың саяси дамуында елеулі өзгерістер болды, саяси партиялар қалыптасты (Демокр. партия, 1828 ж.; Респ. партия, 1854 ж.). Осы кезеңде зәңгілерді құлдықтан азат ету жолындағы күрес кең өріс алды.

   Жалдамалы еңбекке негізделген Солт-тің экон-сы мен құлдыққа негізделген Оңт-тің плантац. шаруашылығы арасындағы қайшылық 2-бурж. рев-ны туғызды (қ. Америкадағы азамат соғысы). дүн. жүз. соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Соғыстан кейінгі Париж бітім конференциясында (1919) АҚШ президенті А. Вильсон халықар. қатынастардың жаңа жүйесін жасаудың жобасын ұсынды (“Вильсонның 14 пункті”). Екі дүн. жүз. соғыс аралығындағы Ф. Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. “Жаңа бағыт” деп аталған осы реформалар елді ауыр экон. дағдарыстан шығарды және қоғамның демокр. үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында “тату көршілік”, Еуропада “оқшаулану”, Азияда “ашық есіктер” саясатын жүргізді. 1933 ж. АҚШ пен КСРО арасында дипломат. қатынастар орнады.

2-дүн. жүз. соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы “қырғи-қабақ соғыс” 80-жылдардың ортасына дейін созылды. Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломат. қатынастар орнатылды. 1994 ж. 13 ақпанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Америка президентінің шақыруымен АҚШ- қа арнаулы сапармен барып кайтты. Екі ел басшыларының келіссөздері нәтижесінде серіктестік туралы хартияға қол қойылды. Құжат саяси, экон., ғыл.-тех., әскери, т.б. саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қамтиды. 1997 ж. маусымда Н. Назарбаев Нью-Йоркте АҚШ вице-президенті А. Гормен кездесіп, екі ел арасындағы қатынастарды дамыту, серіктестік шартын жаңарту мәселелерін талқылады. Қазіргі кезеңде екі ел арасындағы диплом., экон., әскери және білім беру саласындағы байланыстар бірқалыпты дамып келеді.

Экономикасы. АҚШ — экономикасы дамыған мемл. Оның дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 ж. 21,8%, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемл.) көрсеткішінің қосындысынан сәл ғана кем болды (23,1%). Осындай зор экон.-әлеум. артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды (ғарышты зерттеу, компьютерлік тех. және т.б.) дамытуға кең мүмкіндіктер туғызып, АҚШ-ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын-энерг. шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.

АҚШ өнеркәсібі — бүкіл экон-ның жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация, электр тех-сы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. 1996 ж. 994,9 млн. т көмір, 406,6 млн. т мұнай, 94,1 млн. т болат, 3064,6 млн. кВт сағат электр энергиясы шығарылды. АҚШ-тың а.ш-нда механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, кант қызылшасы, мақта жатады. Мал ш-нда сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ экон-сы үздіксіз өсуде. Оны ұлттық табыс пен сыртқы сауда көрсеткіштерінен байқауға болады. АҚШ-тың экон. және сыртқы сауда көрсеткіштері: табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. 1996 ж. барлық инвестиция көлемі 1101,3 млрд. доллар болса, оның 568,7 млрд. доллары кұрылысқа жұмсалды. Негізгі сауда серіктестері — Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экон. байланысы 20 ғ-дың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мыс., мұнай өндірумен айналысатын “Шеврон”, “Шелль”, “Мобиль” компаниялары мен “Прайс Уотерхаус” есеп аудит консалтингтік компаниясы, т.б.).

Әдебиеті мен өнері. Еуропалықтар отарлап алғанға дейін Солт. Америкадағы үндіс тайпаларының мифтері, бай фолькпоры болған. Ағылшын тіліндегі алғашқы әдеби шығармалар 17 ғ-дың басында пайда болды. 18 ғ-дың ақырына таман зәңгі жазушылардың да туындылары жарық көре бастады. АҚШ ұлттық әдебиетінің қалыптасу процесі 19 ғ-дың 1-жартысында романтизм дәуірімен жалғасты. Романтизм дәуірінің 2-кезеңінде (1840 — 50 ж.) сырттан келген жазушылар шығармашылығына терең филос. және әлеум. ізденістер тән болды. 19 ғ-дың 50-жылдарындағы аболиционизм (құлдыққа қарсылық) ағымы А. романтикалық әдебиетінде азаматтық сарынды күшейтіп, реалистік бағытқа негіз салды. У. Уитменнің 1855 ж. шыққан “Шөп шашағы” кітабы реализмнің қалыптасуы мен әлемді, өмірді поэтик. көру, бейнелеу жүйесін түбегейлі жаңғыртуда зор рөл атқарды. 19 ғ-дың соңғы ширегі прозадағы реализмнің қарқынды дамыған кезеңі болды (Бичер-Стоу, Г. Джеймс, т.б.). 19 ғ-дағы А. проза- шегіндегі О. Генри, Э. Уортон шығармалары да А. әдебиетіндегі елеулі құбылыстарға айналды. Сондай-ақ 90-жылдардағы X. Гарленд, Ф. Норрис, А. Брис, С. Крейн, Э. Дикинсон шығармалары да маңызды көркемдік жетістіктер болып табылады.

АҚШ әдебиетінде 20 ғ-дың басында сыншыл реализм сарыны (Дж. Л. Стеффанс, т.б.) қалыптасты. Дж. Лондонның әңгімелерінде адам бойындағы адамгершілік қадір- қасиет табиғаттың қатал күштерімен қақтығыста көрсетіледі. Оның “Мартин Иден” романы қоғамдағы суреткер қасіретін бейнеледі. Т. Драйзер, Э. Синклер, Дж. Рирд, Р. Борн шығармаларына әлеум. талдау, әшкерелеу рухы тән. Поэзияда Р. Фрост, К. Сэндберг, В. Линасей, Э.Л. Мастерс, т.б. реалистік мектептің шеберлері ретінде қалыптасты. Модерншілер Э. Паунд, Т.С. Элиот, Г. Стайн, т.б. көркемдік ізденістерімен 20 ғ-дағы әлем әдебиетіне едәуір ықпал етті. Э. Хемингуэй, У. Фолкнер, Т. Вулф шығармалары 20 ғ. прозасындағы ірі жетістіктер болып саналады.

Қазіргі жаңа поэзия адам сезімінің механикалануына, адамның “статистика бірлігіне” айналуына деген қарсылыққа толы (Р.П. Уоррен, Р. Лоуэлл, Р. Уилбер, У. Стивенс, Т. Рётке, Дж. Берримен, т.б.). 60 — 70 ж. А. романы қоғамдык қайшылықтарды жан-жақты бейнеледі. К. Воннегут прагматик. сана құбылысын талдады. Бұл тақырып ғыл. фантастиканың да арқауы болды (Р. Брэдбери). А. романында бейнелеудің дәстүрлі әлеум.-психол. ракурсы сақталған. Сонымен қатар интеллектуалдық роман (С. Беллоу), роман-миф (Дж. Андайктың “Кентавр” романы), роман- аңыз (Дж. Гарднер), тарихи стиль (Г. Видал), деректі- көркем роман (Т. Капоте), өмірбаяндық роман (И. Стоун) түрлері пайда болды. 50- жылдардан бастап көпшілік қолды әдебиеттің үлес-салмағы артып келеді. Бұл құбылысқа өнер жауапкершілігін сезінетін ірі суреткерлер шығармашылығы қарсы тұруда. Архит. ұғымы АҚШ-қа 17 — 18 ғ-да отаршылармен бірге келді. Ағылшындар мен голландтар елдін солт-не, испандар оңт-не, француздар Миссисипи өз. алабына Еуропа архит-ның тастан қаланған, ағаштан қиылған қарапайым үлгілерін ала келді. 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында салына бастаған Нью-Йорк, Филадельфия, Бостон сияқты к-лар жоспарлы түрде қанат жайып, ұлғайды. Классицизм стилінің ұлттық үлгісі (Ч. Булфинч, Т. Джефферсон) пайда болды. 19 ғ-дың ортасында елдің әл-ауқатының өсуіне байланысты алып құрылыстар салуға (арх. Р. Милс, Т.Уолтер) көңіл бөлінді. 19 ғ-дың ақырында жердін қымбаттауы мен тех. прогресс құрылыстардың биіктеуіне (Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско) әсер етті. Бұл кезде Г. Ричардсон, Л. Салливен ізденістері АҚШ сәулет өнерін 20 ғ-дың ортасында жаңа ағымның ірі орталығына айналдырды. Жаңа материалдар мен құрылымдарды игеру, ірі қала құрылысы мәселелерін шешу, тех. прогресс пен құрылысты өрістету, көлік саласының құрылыстарын салу ісінде АҚШ сәулетшілері көптеген бағалы жаңалықтар ашты. Функционализм (зәулім үйлер салушы сәулетшілер Р. Шрив, У. Харрисон, Р. Худ, т.б.) және негізінен, табиғатқа, жергілікті жағдайға үйлестіріп шағын тұрғын үйлер салу жобасымен айналысатын органик. архитектура деген ұғым (В. де Марс, Ф. Райт, X. Харрис) осында туып, кең тарады. 20 ғ-да АҚШ сәулет өнерінің кейінгі модернизм аталған шыны мен құйматастан жасалған зәулім геом. формаларына жарыса біздің заманымыздың өте беделді архитекторы Р. Вентуридің тұрмысқа жайлы шағын кұрылыстары, жаңаша ізденістері пайда болды.

АҚШ бейнелеу өнері үндістердің тастағы таңбаларынан басталады. Отарлау кезеңіндегі қарапайым портрет өнері 18 ғ-дың ортасында кәсіби шеберлік дәірежесіне көтерілді. 20 ғ-да жаңа бейнелеу тәсілдерін іздеп, жаңа тақырыптарымен елдің назарын аударған Дж. Беллоуз, Р.Генри, Дж.Слоун, график Дж.Пеннелл, мүсінші Дж. Барнард болды. 20 ғ-дың ортасында Еуропадан шыққан суретшілер белсенділік көрсетіп, әр түрлі ағымдардың өкілдері екшеле бастады. Формалистер (А. Дов, Дж. Марин, Л. Фейменгер), сюрреалистер (Д. О’- Киф, И. Танги, М. Рай, Л.К. Тиффани), абстракционистер (У. де Конинг, Дж. Поллок, М. Тоби), реалистер (график Р. Кент, мүсіншілер У. Зорах, Дж. Эпстайн), т.б. дүние жүзіне танылды.

АҚШ муз. өнері әлемдік муз. мәдениетінің өзіндік ұлттық өрнегі бар жарқын да дара үлгісі болып табылады. Алуан түрлі бай ұлттық муз. дәстүрлер үлгісі өзара тығыз, ажырамастай байланыста дамыған. Үш ғасыр бойы Батыс Африка, Франция, Италия, Германия, Венгрия, Румыния, Украина, т.б. еддердің халық муз-сы араласып,оған ең көне, нағыз америкалық фольклордың түрі — үндістердің халық өнері қосылды. Осының нәтижесінде ән-өнерімен қатар таза А. муз-сының жанрлары — джаз бен блюз қалыптасты. Халықтық фольклор кәсіби шығармашылықтың барлық түрлерінің тууына, бейнелеу әдістерінің қалыптасуына негіз болып, олардың құрылымдық және музыкалық тілінің ерекшеліктерін, даралығын анықтады. АҚШ-та үрмелі (флейта, ысқырық), ұрмалы (барабан) аспаптар көп тараған.

АҚШ-тың кәсіби муз. өнері өз тарихын 19 ғ-дың соңынан бастайды. Оның дамуында “Бостон композиторлық мектебі” айрықша рөл атқарды, осы мектеп арқылы муз. өнері Еуропа муз. мәдениетінің деңгейіне жақындады. Филадельфия қ-да ән, театр муз-сын жазған композитор әрі пианист, муз. ұстазы А. Рейнгальд, Америка оркестрлік музыкасының атасы деп танылған И. Граупнер есімдері ерекше қастерленеді. Алғашқы кәсіби қомпозиторы — Э. Мак-Доуэл саналады. Сондай-ақ музыка өнерінің дамуына А. Копленд, Р. Харрис, В.Томпсон, т.б. да өз үлестерін қосты. АҚШ Ұлттық муз- сының негізін қалаушылар: Ч. Айвз бен Дж. Гершвин. Қазіргі эстраданың көрнекті өкілдері Майкл Джексон, Мадонна.

АҚШ-тағы алғашқы театр ағылшын Л .Халлемнің жетекшілігімен 1751 ж. ашылды. 1775 — 83 жылдардағы тәуелсіздік соғысы аяқталғанға дейін театр өнері ағылшындардың ықпалында болды. 19 ғ-дың басында ғана таза ұлттық театр мен драма алғашқы қадамдарын бастады. 1896 ж. Нью-Йоркте “Театр синдикаты” ұйымдасты. Бұл Бродвейдегі коммерц. театрлардың басы еді. Театрдың бір топ жас қайраткерлері 1915 ж. “шағын” театрлар қозғалысын ұйымдастырды. Оның алғашқысы — жас драматург О’Нилдің (1888 — 1953) “Шығысқа, Кардиффқа қарай” деп аталатын пьесасын койған “Провинстаун” театры. “Вашингтон сквер плейерз” театрымен екеуі елдегі алғашқы репертуарлық театрлар болды. 1918 ж. бұл театр “Гилд” деп аталды. 1931 ж. американ театр тарихында ерекше орын алатын АҚШ жетекші театры “Груп” құрылды. Реж-лер Г. Клерман мен Ли Страсберг шын мәніндегі актерлік ұжым құруға тырысты. Америка драматургтері Дж.Г. Лоусон, С.      Кингсли, Э. Райс, У. Сароян, К. Одетс, актерлер С. Аддер, Э. Казан, Р. Льюис, К. Корнелл, П. Муни, т.б. осы кезде көзге түсті. Нью-Йорктің зәңгілер тұратын ауданы Гарлемде Еуропа классикасы “Отелло” қойылды. Басты рөлді Пол Робсон орындады. АҚШ-тың театр өмірінде ун-т театрлары ерекше орын алады. Бұлар жалпы көрермен үшін түрақты театр міндетін атқарады, оларды маман реж-лер басқарады, ал актерлері — театр курсының студенттері. АҚШ-та кино түсіру 1896 ж. елдің шығысындағы үлкен қалалар: Нью-Йорк, Чикаго, Филадельфияда басталды. 1911 ж. Лос-Анжелестің іргесіндегі шағын қалашық — Голливудта алғашқы студия ашылды. Чарли Чаплин, Мэри Пикфорд, Дуглас Фербенкс сияқты кино өнерінің шеберлері әлемге әйгілі болды. Ал режиссер Д. Гриффит шын мәнісіндегі көркем фильмнің негізін қалаушы ретінде басқа елдер кино қайраткерлеріне де жолбасшылық жасады. Аз уақыт ішінде Голливуд АҚШ кино өндірісін орасан зор пайда көзіне айналдырды. Чаплин, У. Уайлер, Ф. Капра сияқты режиссерлер дербестікке ұмтылып, 50-жылдары студиялық жүйенің іргесі сөгіле бастады. Кино қайраткерлер Нью-Йорк, Сан-Франциско қ-на орналасып, Голливудтың билігінен тыс шығармашылық, ұйым құруға тырысты. Нью-Йоркке орын тепкен Аллен (“Ұйқыда”, 1973, “Манхэттен”, 1979, “Қылмыс пен қимыл”, 1989, Спайк Ли “Дұрыс жүр”, 1989, “Джунглидегі әбігер”, 1991, “Малколм Икс”, 1993, С. Люмет, М. Скорсезе («Ызалы көшелер», 1973, «такси жүргізушісі», 1976, «Жұмыстан кейін» 1985, «Өзіміздің жігіттер», 1990) АҚШ киносында әлеум. өзекті мәселелерді қозғайтын, көпшіліктің көкейіндегі  ойларды ашық айтқан фильмдер жасады. У. Биттидің «Бонни мен Клайд» (1967), «Қызылдар» (1982), «Дик Трейси» (1990), О. Стоунның «Джей-Эф-Кей» «Джон Фицжеральд» Кеннеди» (1991), С. Поллактың «Барша президенттер әулеті», (1976), «Гаванна», (1990), Ф. Копполаның «Өкіл әке» трилогиясы (1972-90), «бүгінгі ақырзаман» (1979), т.б. фильмдер адамзаттық демократияны, жалпы халыққа ортақ әділетті көрсетуді мақсат еткен. АҚШ киносының ерекшелігі ретінде қалыптасқан вестерн, жуан жұдырық (боевик)  жанрлары оған қатысатын актерлердің  (К. Иствуд, К. Костнер, А. Шварцнеггер, С. Сталонне, Х. Форд, т.б.) шеберлігі, өтімділігі арқасында миллиондаған көрерменді өзіне тартып отыр. 40-жылдары өз атағының шыңына шыққан С. Путье бастап берген негрлер кинематографиясы да (Спайк Ли, Э. Мерфи, Х. Вашингтон, М. Фриман, В. Голдберг, т.б.) АҚШ киносының айтулы саласын құрайды. Кезінде қабылданбай,кейін классикаға айналған О. Уэлсстің «Азамат Кейн» (1941),  Г. Биберманның «Жер нәрі» (1953) т.б. фильмдер АҚШ киносының айрықша туындылары. АҚШ- тың Г. Гарбо, М. Монро, М. Брандо, Г. Пек, О. Хепберн, Э. Тейлор, Ш. Коннери, Д. Хофман, Р. Редфорд, П. Ньюман, Д. Николсон, Д. Фостер, т.б. актерлері кино әлемінде өзіндік шеберліктерімен белгілі. Американ киноакадемиясының (1927) жыл сайын берілетін “Оскар” (11.5.1927) сыйлығы тағайындалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *