АМБУЛАТОРИЯ (лат. ambulatorius— қатынап жүріп емделу)

АМБУЛАТОРИЯ (лат. ambulatorius— қатынап жүріп емделу) — науқас адам келіп- кетіп емделетін және үйден дәрігерлік көмек көрсететін мекеме. А-ның емханадан айырмашылығы: мұнда жұмыс көлемі, сондай-ақ дәрігер құрамы аз және көбіне ішкі орган, тіс аурулары емделеді. А-ның негізгі мақсаттарына өздері келіп, дәрігерлік жәрдем сұраған адамдарға және үйдегі науқастарға нақтылы көмек көрсету, қажет жағдайда дәрігерлік кеңес ұйымдастыру, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, өңдірістік мекемелерде мед.-профилактикалық сауықтыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың себептерін анықтау, т.б. жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *