АМАНШИН Берқайыр Сәлімұлы

АМАНШИН Берқайыр Сәлімұлы (11.11.1924, Орал обл. Қаратөбе ауд. Батпақкөл а. — 17.05.1985, Адматы) — ақын, жазушы. ҚазПИ-ді бітірген (1953). Атырау, Жамбыл обл-тарында әр түрлі жауапты қызметтер атқарған (1948 —. Қазақстан Компартиясы ОК-нің нұсқаушысы (1952 — болды. Респ. газет-журналдар мен баспа орындарында жұмыс істеді. Алғашқы “Өлеңдер” жинағы 1954 ж. жарық көрді. “Жылқылы ауылда” (1956), “Бұтақтағы бұлбұлдар” (1958), “Жетісу — Жайық” (1961), “Ақбота” (1963), “Менің өмірбаяным” (1964), “ Маңғыстауым менің ” (1972), “Ақ жүректер” (1975), “Жайық желі” (1987), “Құтты мекен” (1984) өлендер мен поэмалар жинақтары, “Жан мұңы” (1968), “Көкжар” (1973), “Гүл көтерген” әңгімелер мен повестер кітаптары, “Махамбеттің тағдыры” романы (1987) жарияланды. “Исатайдың семсері” (1966), “Таныстық керек” (1968), “Жылама, Дәмеш” (1972, М. Гершпен бірге), “Маңғыстау оқиғасы” (1983) пьесалары респ., обл. театр сахналарында қойылған. Махамбет, ЬІ. Шөреков шығармаларын жинастырып, жүйелеп бастыруға елеулі еңбек сіңірді. Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин, С. Юлаев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші — “Игорь жорығы туралы жырды” қазақ тіліне аударған (1951, 1985).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *