АМАНЖОЛ КҮМБЕЗІ

АМАНЖОЛ КҮМБЕЗІ— сәулет өнерінің ескерткіші. Ағыбай батырдың баласы Аманжолға арнап Бетпақдаланың солт.-шығыс жағында, Босаға өз-нің жағасында Тайатқан тауынан оңт.-шығысына қарай 4 км жерде 1926 ж. салынған. Кесене күмбезді ғимарат пен соған оңт. жағынан жалғап салған дұға оқитын қоршаудан тұрады. Күмбезді бөлігі шаршы негізде салынған. Ішкі бұрыштары жұмыр бағаналармен бекітілген. Мәнерлі мұнаралы күмбез тік бұрышты төрт терезе ойылған астыңғы цилиндрлі бөлікпен жымдаса жалғасқан. Бұрыштарына ширек бағаналар орнатылған. Бөлме сыланып, әктелген. Дұға оқитын қоршаулы бөлік кесенеден 2 м жерде, онымен төбесі жабылған кең дәліз арқылы жалғасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *