АМАНГЕЛДІ

        АМАНГЕЛДІ — Солт. Қазақстан обл-ның Есіл ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орт. — Явленка а-ның батысында 25 км жерде, Есіл өз-нің сол жағасында, Есіл жазығындағы қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Жақын т. ж. стансасы — Петропавл (Қызылжар) (106 км. жерде). Тұрғыны 1,3 мыңға жуық адам (1997). 1955 — 95 ж. ұжымшар орталығы, кейін Амангелді атынд. астық кеңшарының орталығы болды. Ауылда 8 жылдық мектеп, клуб, учаскелік аурухана бар. Шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындары аудан орталығымен автомоб. жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *