АМАНГЕЛДІ — Қостанай обл-ның Қостанай ауд-ндағы ауыл. Ауд. орт. — Затобольский кентінен 13 км жерде, Тобыл өз-нің сол жақ жағасында, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ең жақын т.ж. стансасы — Қостанай (7 км жерде). Тұрғыны 1,6 мыңға жуық адам (1997). 1957 ж. бұрынғы ұжымшар негізінде құрылған “Красно- партизанный” астық және көкөніс-сүт кеңшарының орталығы болды. Ауылда мех,- жөндеу шеберханасы, көкөніс консервілеу, кірпіш з-тары, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана бар. А. а-ның жанынан Қостанай — Рудный — Жітіқара автомоб. жолы өтеді.