АМАНГЕЛДІ Үдербайұлы Иманов

АМАНГЕЛДІ Үдербайұлы Иманов (3.4.1873, бұрынғы Торғай уезі, Қайдауыл болысы – 18.5.1919, Торғай қ. ) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінұйысдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Әкесі шаруа баққа.,момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. А. әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін тасыбай, Тәшмағабет шандардың медресесіне түскен. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласқан., сол себептен Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 ж. арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды.

А. батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында ұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғаппар Жанбосыновты хан, А-ні көтеріліс қолбасшысы ( сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мн А-нің ұйымдастырушылық ікерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды, әскери-ұйыдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті (қ. Торғай көтеріліс). А.Торғай қ-н 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылғы 21-23 ақпандағы Құмкешу  — Доғал – Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасаған. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыра алмады. Көтерілі тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты.

А. 1918 ж. 21 наурыз – 2 сәуір  аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысты. Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 ж. 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлатылды да, А. тұтқынға алынды. Батыр қазақ азаматтарын бір-біріне қарсы қойған аласапыран уақыттың алмағайып саясатының құрбаны болды. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін (1940) аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына ескерткіш орнатылды (мүсінші X. Наурызбаев). А- ден Рамазан, Шәріп есімді екі бала қалды. Ұрпақтары Алматыда тұрады.

А-нің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *