АМАНГЕЛДІ МҰРАЖАЙЫ

АМАНГЕЛДІ МҰРАЖАЙЫ — 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Амангелді Имановтың тұтынған бұйымдары мен ол туралы құжаттар жинақталған ғылыми-ағарту мекемесі. 1969 ж. Қостанай обл. Амангелді ауд. Амангелді а-нда ашылған. 1979 ж. мұражайдың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Онда 5 көрме залы, қор қоймасы, кино залы жұмыс істейді. Мұражай қорында Амангелді мен оның үзеңгілес серіктеріне қатысты 2 мыңнан астам материалдық деректер, құжаттар жинақталған. Сондай-ақ мұражайда ауданның экон.-мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шыққан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің өмірімен және еңбектерімен таныстыратын жәдігерлер бар. 1964 ж. Имановтың туған ауылы Үрпекте жергілікті ұстаз З.Мұхамеджановтың ұйымдастыруымен ашылған шағын мұражай Амангелді мұражайының бөлімшесіне айналды. Көтерілісшілердің алғаш бас қосып, Амангелді қолбасшы, Әбдіғапар хан сайланған Мұхамеджанның қызыл үйі, мүсінші К. Наурызбаев сомдаған батыр мүсіні тұтас бір кешен құрайды.

АМАНДОСОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *