АМАНГЕЛДІ ЕСКЕРТКІШІ

АМАНГЕЛДІ ЕСКЕРТКІШІ, 1947 ж. Алматы қ-нда ашылды (мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Қ. Бәсенов). А. е. Алматыдағы алғашқы монументтік ескерткіштердің бірі. Ескерткіш тұғыры сұр граниттен қаланып, оның сыртына бұдырлы өрнек түсірілген. Ал Амангелді Имановтың салт атты тұлғасы қоладан құйылған. Жалпы биікт. 6 м. Қола мүсіннің ұш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл- қозғалыс ырғағын танытып тұр. Халық батырының жинақы киімі мен мығым отырысы жүріп бара жатқан аттың қимылымен толық үндестік тапқан. Мүсіннің сымбаты мен композициялық сәтті шешімі А. е-нің басты жетістігі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *