АМАНГЕЛДІ

АМАНГЕЛДІ — Қызылорда обл-ның Сырдария ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Қызылорда қ- нан оңт. батысқа қарай 28 км жерде, Сырдария өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1997 жылға дейін Амангелді атынд. қаракөл қой кеңшарының орталығы болған. Тұрғыны 2,8 мың адам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде кооп. ш., шаруа қожалықтары жұмыс істейді. А-де орта мектеп, учаскелік аурухана, мәдениет үйі, балабақша, профилакторий, тері илеу цехы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *