АМАНБАЙ КҮМБЕЗІ

АМАНБАЙ КҮМБЕЗІ – сәулет өнерінің ескерткіші. Бетпақдаланың солт.- шығысында босаға өз-нің жағасында Тайатқан тауынан оңт. –шығысқа қарай 4 км жерде орналасқан. А.к. Ағыбай батырдың баласы Аманбайға арналып 1924 ж. салынған. Кесене бір бөлмелі күмбезді ғимарат түрінде шикі кірпіштен тұрғызылған. Сегіз қырлы іргелігі сатылай өріліп шошақ күмбезбен жалғасады. Алдыңғы беті ерекше мәнермен қаланып, белдеулермен өрнектелген. Шеңбер түрінде жоспарланғанымен күмбезі ішкі жағынан сыртқы пішініне мүлде ұқсамайтын параболик әсер қалдырды. Кесененің іргелігін белдеулей бөлмеге өтетін аркалы ойықтар жасалған. Іші сыланбаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *