АМАНАТ (араб. сенімділік, адалдық), дәстүрлі құқықта — міндеттемелік шартпен зат иесінің өз мал-мүлкін өзге біреуге сактауға, қарай тұруға беруі. Бұл мәміле, негізінен, ауызекі тұрде жасалған. Бір куәгер болса да жеткілікті саналған. Екінші жақтың өзіне А-кэ берілген мал-мүлікті басқа біреуге беруге, уақытша пайдалануға қақысы жок. Қазақтың “Аманатқа қиянат жүрмейді” деген мақалы осыған байланысты айтылған. А. хақында дау-дамай туған ретте сақтаушы адам, егер куәсі болмаса, ант ішіп, ақиқатын дәлелдейді. А- ка берілген нәрсе иесіне талап еткен кезде қайтарылуы шарт. Тарихта өзара жасасқан келісімшартқа сенімділікті арттыру мақсатымен бір мемл. басшысы ет жақын туысын екінші мемл. басшысына А-қа беру деректері ұшырасады. Осы дәстүрді өзінің отаршылдық мүддесіне пайдаланып, патшалық Ресей Әбілқайыр ханның балаларын А-қа алып отырды.