АМАЛ

АМАЛ — 1) байырғы қазақ күнтізбесіндегі наурызға сәйкес келетін ай. Ол амал жұлдызы деп те аталған. Мұнан екі мың жыл бұрын көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі Тоқты шоқ жұлдызында болды. Оны арабтар бордж-ул- хәмәл дейді. “Амал” атауы осыдан шыққан; 2) ертеректе жыл мезгілдеріндегі ауа райының қолайсыз жағдайларынан алдын ала сақтанып, шаруа жайын реттеп отыру үшін қазақ есепшілері қолданған жеті амал. Олар: Айтоғамы, Қарашаның қайтуы, Қарашаның қары, Қыс тоқсан, Киіктің матауы, Үркердің батуы, Күннің тоқырауы. Ай тоғамы Айдың Үркермен тоғысуы. Бір жаңасындағы Айдың Үркер тұсына жақын келуін — тоғам, дәл тұсына келуін — ауыл үй қонды, басып өтуін өріп шықты дейді. Бұл үш күн Тоғыс есебіндегі 13 айдың әрқайсысының басы болып саналады. Қарашаның қайтуы — жайылымның сонысы шайылып, айнала төңірек көңілсіз сұрқай түске енген мезгіл. Есепшілердің айтуы бойынша Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы көтеріліп, “Теке бұрқылдақтың” қары жауғанда қараша қайтады. Қарашаның қары — су бетіне алғашқы жұқа мұз қабыршақтанған немесе мұз қатқан мезгіл. Ол “Қазан суығы” ұрған күндерден басталады. Қыс тоқсан — Қарашаның қары мен наурыз айының аралығы, шаруа үшін “жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін” кезеңі. Киіктің матауы— кейжылы күн үрлесін болып, алыс жер көзге көрінбей, бұрқасындатып тұратын кез. Қаңтардың орта шенінде Үркер таң ата батады, сол күндері арқар, құлжа, таутеке, тауешкі үйірге түседі. Содан “Үркер батқанда таутеке тастан ұшады” деген кәсіби есепші сөзі қалыптасқан.Үркердің батуы — Үркердің 40 күн бойы көрінбейтін мезгілі. Үркер мамырдың 10-нда батып, маусымның 20-нда туады. Есепшілер Үркерге байланысты: “Үркер жерге түспей жер қызбайды”, “Үркер жерге түссе, жаз кұрғақ болады”, Үркер көкжиекке жақындаса: “Үркер тасқа түсті, жаман болады”, Үркер көкжиектен көрініп тұрса: “Үркер суға түсті, жаз жаңбырлы болады”, “Үркер туды, енді шықпаған шөптің басы шығады” деген жорамал жасаған. Күннің тоқыр а у ы — күн мен түннің ең ұзақ кездері. Жазғы тоқырау (21 — 22 маусым) кезінде күн ұзарып, түн қысқарады, қысқы тоқырауда (21 — 22 жел- тоқсан) түн ұзарады, күн кеш шығып, ерте батады; 3) математикалық ұғым — арифметикалық амалдар; 4) белгілі бір ниетгі жүзеге асыру үшін қолданылатын айла, әрекет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *