АМАЗОНИТ (алғашқы табылған жер атауымен аталған) — минерал, микроклиннің әшекей тастарға жататын жасыл, көгілдір жасыл түрі. Оның түсі құрамындағы кұраушыларға (Mn, Rb, Cs, т.б.) байланысты болып келеді. А. қышқыл не сілтілі интрузиялық жыныстарда, пегматит пен грейзендерде кездеседі, кейде метасоматикалық жолмен де пайда болады. Пегматитты желілерде ірі кристалды тығыз агрегаттар түзеді. Қатт. 6,0 — 6,5; менш. салм. 2.54 — 2,57 г/см3. А-тен әр түрлі әшекей бұйымдар жаса- лады.