АЛЯСКА ЖОТАСЫ

АЛЯСКА ЖОТАСЫ — Солт. Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска түбегінің оңт. бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солт. Америкадағы ең биік жер. Ұз. 1000 км, абс. биікт. 6194 м (Мак-Кинли тауы). Жота жас тауларға жатады. Негізі интрузивті тау жыныстары шөгінділерінен түзілген. Беткейлері тік, қатты тілімденген. А.Ж. түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы болып саналады. Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін (800 м-ге дейін) шыршалы-жапырақты орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстігіндегі ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін (1000-1100м) таулы тундра алып жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді. Олардың орташа биікт 3500 м. Сондықтан А.ж-ның солт. және оңт. беткейлерінің климатында үлкен айырмашылық бар. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт.беткейлерде — 24-30 оС болса, оңт. беткейлерінде – 9-11 оС. Жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа темп-расы 12-14 оС. Жотаның оңт. беткейлерін Алеут аралдарымен қоса «мәңгі күз» аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 1800 – 4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-шашынды  (6000 мм-ге дейін) болады. А. ж-н дүние жүзіндегі  ең ұз. Хаббард (145 км) және ауд. жағынан ең үлкен Маласпина (2,2 мың км2) мұздықтары басқан. Жотаны ең ірі бұлан, бизон, қасқыр, карибу бұғысы, гризли аюы, күдірқодас (овцебык) мекендейді, ал суларында ең ірі форельдер тіршілік етеді. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, бериллий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *