АЛЯСКА АҒЫСЫ

   АЛЯСКА АҒЫСЫ — Тынық мұхиттың солт.-шығыс бөлігіндегі жылы ағыс. Ол Аляска шығанағы арқылы оңт-тен солт-ке қарай ағып, шығанақтан өткен соң, шығыстан батысқа бұрылып, Алеут аралдарының бұғаздары арқылы Беринг теңізіне өтеді. Қыста суының беткі темп-расы солт-нде 5°С, оңт-нде 10°С-қа (жазда солт-нде 15°С, оңт-нде 20°С), тұзд. 32,5%-ге жетеді. А. а-ның орташа жылд. 0,9 —1,5 км/сағ. Ағыс Куросио жылы ағысы жүйесіне енеді. Ағыс әрекеті әсерінен қыста құрлық жағалаулары ылғалды және жылы болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *