АЛЮМИНИЙ ОКСИДІ

АЛЮМИНИЙ ОКСИДІ, глинозем — алюминийдің оттекпен қосылысы. Ол түссіз, суда ерімейтін кристалдық, зат, тығызд. 3,96 г/см3, балқу t 2050°С. Табиғатта корунд (жақұт), лағыл (рубин), сапфир (көк жақұт) деп аталатын минерал түрінде кездеседі. Корунд — қатт. бойынша алмастан кейінгі екінші минерал. Лағыл мен сапфир асыл тастар қатарына жатады. Олар дәл кескіш аспаптарда, т.б. қолданылады. А. о-нің гидратталған түрі белгілі. Алюминий гидроксидіне көптеген бокситтердің құрамына енетін гидраргиллит және жасанды түрде алынатын байерит жатады. А. о. боксит, нефелин, каолин, алунит сияқты табиғи заттардан алынады. Ол алюминий өндіруге, сондай-ақ катализатор және адсорбент ретінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *