АЛЮМИНИЙ

   АЛЮМИНИЙ (лат. Аluminum; alumen — ашудас), Аl — элементтердің периодтық жүйесінің III тобындағы хим. элемент, рет нөмірі 13, атом массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы (27А1) бар. Жер қыртысында таралуы бойынша (8,8%) элементгер арасында 3, металдар арасында 1-орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі — алюмосиликаттар болып келеді. А. алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат боксит (к Алюминий кентастары). А-ді бос күйінде алғаш рет 1825 ж. даниялык физик Х.К. Эрстед алған. А. күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салм. 2,7 г/см3; балқу t 660°С, қайнау t 2500°С; коррозияға берік, қалыпты темп-рада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен (А12О3) тұратын жұқа қабыршақ оны одан әрі тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлік элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. А. өнеркәсіп жағдайында криолитте (Na3AlF6) ерітілген бокситті 950°С шамасында электролиздеу арқылы алынады. А. — практикалық маңызы зор металл. Ол, негізінен, жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. А. құймалары авиа, авто, кеме, ядр. реактор, хим. аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Тех. қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы — дюралюминий. Оның құрамында 94% А., 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *