АЛЬФА-БӨЛШЕК, α = бөлшек – 2 протоны және 2 нейтроны бар гелий (4Не) ядросы. Оның массасы 4,000273 м.а.б.= 6,644 • 10-24 г-ға, спині мен магниттік моменті нөлге тең. Байланыс энергиясы — 28,11 МэВ (1 нуклонға 7,03 МэВ). Бұл термин физикаға алғаш рет 1896 ж. табиғи радиоактивтілікті ашқан француз ғалымы А.А. Беккерельдің зерттеулері нәтижесінде енгізілді. Кейін (1909) ағылшын ғалымы Э. Резерфорд А.-б-тін электрондарынан айырылған гелий атомы екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Ядр. физикадағы іргелі жаңалықтар А.- б-ті зерттеулердің нәтижесінде ашылды. Мыс., А.-б-тердің шашырауын зерттеу атом ядросының, жеңіл элементгерді А.-б-пен сәулелендіру ядролық реащиялардың, сондай-ак жасанды радиоактивтілік құбылысының, т.б. ашылуына себепші болды.