АЛЬТ (лат. Altus итал. alto — биік, жоғары), музыкада — 1) балалар не әйелдердің төменгі дауысы; 2) хордағы немесе әншілер тобындағы балалар не әйелдер (меццо-сопрано, конральто) партиясы; 3) скрипкашылар тобының шекті аспабы (итал. alto). Симфониялық және камералық оркестрлердің құрамына енеді. Кейде жеке орындауда кездеседі; 4) үрмелі аспаптың бір түрі (альтгорн); 5) кейбір оркестрлік аспаптардың түрін білдіретін тіркес (альт-кларнет, альт-тромбон, альт-домбыра — 3 ішекті, альт-қобыз — 4 ішекті).