АЛЬТЕРНАТИВА

АЛЬТЕРНАТИВА (лат. аlter — екінің бірі), логикада — бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана таңдап алу қажеттігі. А-ның логик. негізін шартты ажыратушы силлогизм (лемма) құрайды. Алғышарттардың саны бойынша дилемманы, трилемманы, полилемманы айырады. Дилемма — екінің бірін таңдау мүмкіндігі бар шартты ажыратушы силлогизм. Дилемманы екі түрге бөледі: конструктивті (жасаушы) және деструктивті (бұзушы). А-лық алғышарттардан шығатын қорытындының дүрыстығы мына жайларда жүзеге асады: 1) конструктивті дилеммада пайымдау негізді таңдаудан салдарды таңдауға қарай бағытталуы керек; 2) ажыратушы алғышартта барлық мүкін А. аталып өткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *