АЛЬТЕРАТТАУ, альтерац и я (лат. alteratio — өзгерту), музыкада — 1) кез келген дыбыс атауын өзгеріссіз жарты тонға жоғарылату немесе төмендету. А. таңбалары: диез (#) — жарты тон- ға жоғарылату; бемоль (b) — жарты тонға төмендету; дубль диез (х) — бір тонға жоғарылату; дубль бемоль — бір тонға төмендету. А. таңбасының бітуі — бекар. Кездейсоқ А. таңбалары тек бір такт бойы қолданылады. Кілттік А. таңбалары ноталық сызықтардың басында жазылып, барлық октаваларда шығарманың соңына дейін сақталады; 2) гармония жасауда негізгі тұрақсыз дыбыстардың хроматик. өзгеруі. Осындай дыбыстары бар аккордты “А. аккорды” дейді.