АЛЬМАНДИН (Аlabanda деген жер атына байланысты қойылған) — силикаттар класының анартастар тобына жататын минерал. Хим. формласы: Fe3Al 2[SiO4]3. Изометрлі кристалдары ұсақ түйір ретінде кездеседі. Түсі қызыл, қоңыр қызыл, күлгін қызыл, шыныша жылтыр. Қатт. 7 — 7,5, менш. салм. 4,25 г/см3. Жапсарлы-метасоматитты жағдайда, метаморфты тау жыныстары арасында немесе шашыранды түрде түзіледі. А- нің ақаусыз мөлдір кристалдары зергерлік істе, сапасы нашар түрлері абразивтік материал ретінде қолданылады.