АЛЬМАНАХ (араб. күнтізбе) — белгілі бір сипатына қарай (тақырыптық, жанрлық, т.б.) топтастырылған әдеби шығармалар жинағы. Алғашында күннің, айдың шығатын, ұясына кіретін уақытынан мәлімет беретін кестелі күнтізбе атауы болған. 16 ғ-дан бастап астрон. күнтізбе жинақтары жыл сайын жарияланып, оған қосымша ретінде әңгіме, әзіл- өлеңдер енгізілген. Кейін әр мазмұнды әдеби-көркем шығармалардың топтамасын альманах деп атай бастаған. Онда әр түрлі авторлардың бір әдеби бағыттағы туындылары біріктірілген. Әдеби А. Батыс Еуропада (Францияда), Ресейде 18 ғ-дың ортасында, Қазақстанда 1920 ж-дардан бастап (“Терме”, “Сана”, “Жыл құсы”, “Жалын”, “Әлем”) шығарыла бастады.