АЛЬМАГЕСТ

“АЛЬМАГЕСТ”  — Птолемейдің 2 ғ-дың орта шенінде жазған белгілі астрономиялық шығармасы. Ол 13 кітаптан тұрады. Бұл шығарма Вавилония, Мысыр, Араб, Үндістан, Қытай, Иран, Грекия елдеріндегі сол кезде жасалған астрон. зерттеулер мен Птолемейдің өз еңбектері нәтижелері негізінде жазылған. “А-те” сфералық астрон., Күн мен Айдың көрінерлік қозғалысы, планеталардың бойлық пен ендік бойынша көрінерлік қозғалысы теориялары, жұлдыздардың эк-липтикалық координаттары баяндалған. Сондай-ақ дүние жүйесінің Птолемей жасаған алғашқы матем. моделі (дүниенің геоцентрлік жүйесі) берілген. “А.” 828 ж. араб тіліне аударылды. Соның нәтижесінде онымен Шығыс ғұламалары танысқан. Әбу Наср әл- Фараби ол жөнінде “Алъмагеске түсініктеме”, “Алъмагеске қосымша кітап” еңбектерін жазды. “А.” 1515 ж. Венецияда латын, 1538 ж. Базельде грек тілінде басылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *