АЛЬГОЛОГИЯ (лат. аlga — балдыр, теңіз шөбі жөне грек. logos — ілім)

АЛЬГОЛОГИЯ (лат. аlga — балдыр, теңіз шөбі жөне грек. logos — ілім) — ботаника ғылымының балдырларды зерттейтін саласы. Қазақстанда А-лық ғыл.-зерт. жұмыстарымен Қазақстан Республикасы ҒМ — ҒА Ботаника және фитоинтродукция ин-ты, Зоология және жануарлар ин-ты, Қазақ мемл. ұлттық ун-тінің кафедралары шұғылданады. Казақстанда А-лық зерттеулер 1952 ж. басталып, 1980 ж. дами түсті. Бұл бағытта топырақ балдырлары (Н.Н. Воронихин, И.А. Киселев, А.А. Мұзафаров, В.М. Обухова, Н.В. Сдобникова), жасыл балдырлар физиологиясы мен биохимиясы (О.П. Сачкова, С.А. Жөкебаев), Солт. Каспий маңында өзен-көлдердің А-лық флорасы (О.В. Фокина), Қазақстаннан табылған хара балдырлары қалдықтары (В.Д. Никольская) зерттелді. Сондай-ақ Қазақстан өзендерінде өсетін балдырлардың флоралық құрамы мен жүйеленуі анықталды (Э.П. Козенко, А.А. Носков, В.А. Костин, М.К. Бабаева).        

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *