АЛЬБИНИЗМ, реңсіздік (лат. albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. А. — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бүл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді. А-ге ұшыраған жануарлар мен адамдардың терісі мен жүнінде және көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттің (меланин) жоқтығы-нан олар бозғыл тартады. Ал өсімдіктерде хлорофилл болмауынан фотосинтез процесі тоқтайды да, өсімдік өз тіршілігін жояды. А-ге шалдыққан организмді альбинос деп атайды. Альбиностардың жарықты сезінуі өте жоғары болады. Лабораториялық жануарлардың (қоян, егеуқұйрық, тышқан, т.б.) таза альбиностары тек зерттеу жұмыстары үшін өсіріледі.