АЛЬБЕРТ ҚҰРТҚАШАШЫ (Iris albertii)

АЛЬБЕРТ ҚҰРТҚАШАШЫ (Iris albertii) — құртқашаш тұқымдасына жататын көп жылдық, жуан тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының орт. бөлігі мен Қастек жотасында кездеседі. Биікт. 40 см келеді, көгілдір, күлгін, кейде ақ түсті гүлі сабақ ұшында орналасады. Сабағының түп жағында ені 2,5 см-ге жуық, тік өсетін жапырақтары болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі — қауашақ. А. қ. — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрі болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *