АЛЬБЕДО (көне лат. аlbedо — ақ) — дене бетінің өзіне түскен электр магниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама. Ол дене бетінен шағылған ағынның оның бетіне түскен ағынға қатынасы арқылы анықталады. А. — Күн жүйесіндегі планеталардың, т.б. денелердің маңызды сипаттамасын білдіретін шама.