АЛЫСТАН КӨРМЕУШІЛІК, м и о п и я [грек. mуоріа; myops, myop (оs) — сығыр көз] — заттан көзге түскен сәуленің дұрыс қиюласпай, тор қабықтан бері түйісуінен болатын кемістік. А. к. жағдайында сәуленің жиналу нүктесі көздің тор қабығына жетпей, түйіседі. Соның салдарынан адам алыстан нашар көретін болады. Мұндай көзге жақыннан шашырап түскен сәуле дұрыс қиюласып, тор қабыққа жиналады да, адам жақындағы затты анық көре алады. Ондай адам бір нәрсені анықтап көру үшін оны көзіне жақын ұстап, тесіліп қарайды. Үнемі тесіле қарағандықтан, ондай адамдардың көзі қылиланып кетуі мүмкін. А. к. кемістігі мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Бұған көбінесе, баланың кітапты өте жақын үстап немесе төсекте жатып оқуға әдеттенуі себеп болады. Көзінің мұндай кемістігі бар адамдар екі жағы ойыс лин-залы көзілдірік киюі қажет.