АЛУНИТ, ашудас — сульфаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: КА13[S04]2OН6. Тригональдік сингонияда ұсақ куб пішінде кристалданады. Ұсақ түйіршікті немесе талшықты агрегаттар түзейді. Түсі сұрғылт, сарғылт немесе қызғылт ренді ақ, шыныдай жылтыр. Қатт. 3,5 — 4, меншікті салм. 2,6 — 2,8 г/см3. А. сілтілі дала шпаттарына бай ортада не қышқыл құрамды магмалық жыныстарда, төмен темп-ралы, күкірт қышқылды гидротермал ерітінділер әсерінен эндогендік жолмен, кейде алюминий тотығына бай жыныстарға сульфатты судың әсер етуінен пайда болады. Бұл процесс А-тену деп аталады. А-тену алтын, мыс, полиметалл кендерін іздеу кезінде кен белгілері болып табылады. Күйдірілген А-тен ашудас пен алюминий сульфатын алады, сонымен бірге отқа төзімді материалдар өндірілетін шикізат ретінде де пайдаланылады. Қазақстанда А. кендері Торғай ойпатында (Қашар), Сарыарқа өңірінде (Баян, Ақтайлақ, Тарғыл, т.б.) бар.