АЛТЫҮЙ — Алматы обл-ның Панфилов ауд-ндағы ауыл, Бірлік ауылдық әкімшілік округінің құрамына енеді. Аудан орталығы — Жаркент қ- ның шығысында 12 км жерде, Жетісу Алатауының оңт. бөктеріндегі қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 3,9 мың адам (1997). Қызыл қоңыр топырағында бұта аралас бетегелі-бозды және түрлі шалғын шөпті өсімдіктер өседі. А-де орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. мәдени және денсаулық сақтау орындары бар. Жаркент қ- мен автомоб. жолы арқылы қатынасады.