АЛТЫН ХАН

АЛТЫН ХАН — құрметті лауазым. Ертеректе монғолдар чжурчжэндердің, Цзинь мемлекетінің императорларын, ал 17 ғ-дан монғолдардың хотогойт руының билеушілерін осылай атаған. А. х. мемл., негізінен, хотогойт руынан құралып, Халханың солт.-батыс аймағына орналасқан. 16 ғ-дың соңғы кезеңінде Шолой-Убаши қоңтайшы осы А. х. мемлекетінің негізін қалаған. Территориясы: солт-нде Саян тауларына дейін, оңт-нде Монғол Алтайының етегіне дейін, батысында Ертіс өз-нің жоғарғы жағына дейін, шығысында Косогол және Сангин-Далай көлдеріне дейінгі жерлерді алып жатты. Кейін ханның лақап атына айналған А. х. — тарихтағы белгілі тұлға. Ол Туметте 1507 — 82 ж. өмір сүрген. Хан атағын алып, Монғолдарды біріктіру жолында күрес жүргізген. А. х. тұсында ламашылдық монғолдар арасына ресми дін ретінде енді. А. х. Қытаймен бейбіт қатынас орнатуды көздеді. Ордасы Оңт. Монғолиадағы Хухэ деген жерде орналасқан (қа- зіргі Хух-Хото).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *