АЛТЫН ТАМЫР

АЛТЫН ТАМЫР, қызғылт семізот (Rhodiola rosea) — жасаңшөп тұқымдасы семізот туысына жататын, көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жоңғар Алатауының, Алтайдың биік тау белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі. Биікт. 20 — 30 см-дей, тамыры жуан, хош иісті болады. Тік, бұтақтанған сабағына қалың, сопақша жапырақтары кезектесіп орналасады. Ұсақ, сары түсті гүлдері қалың гүл шоғырына топтасқан. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды. Тұқымы нан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. А. т. құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтар, крахмал, органик. қышқылдар, эфир майы бар. Сондықтан ол өте бағалы дәрілік өсімдік болып есептелінеді. Ежелден халық медицинасында оны адамның жалпы әл-қуатын күшейтетін дәрі ретінде қолданады. А. т-дың табиғи ареалы жылдан-жылға азаюда. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаника бақтарында қолдан жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. А. т. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *