АЛТЫН РУБЛЬ — 1895 — 1897 жылдары Ресейдегі ақша реформасына сәйкес енгізілген ақша. Салмағы 0,774 г таза алтынға тең. Алтын теңгелер империал және жартылай империал, 10 және 5 сомдық теңгелер түрінде айналымда жүрді. 1-дүн. жүз. соғыстың басталуы салдарынан Ресейдің алтын теңгелері айналыстан шықты.