АЛТЫН ОРДА ХАНЫ ҮЛЫҒ МҰХАММЕДТІҢ ТҮРІК СҰЛТАНЫ МҰРАД ІІ-ГЕ ХАТЫ

АЛТЫН ОРДА ХАНЫ ҮЛЫҒ МҰХАММЕДТІҢ ТҮРІК СҰЛТАНЫ МҰРАД ІІ-ГЕ ХАТЫ — Жошы ұлысының Осман мемлекетімен қарым- қатынасына бейбіт сипат беруге жасалған талпыныс. Ұлығ Мұхаммед хан (1419 — 23 ж. және 1426 — 37) 1428 ж. 14 наурызда Днепр өз-нің батысында түрік сұлтанына хат жолдады. Өте қысқа жазылған хатта Ұлығ Мұхаммед Алтын Орда хандары мен түрік сұлтандарының арасында бұрын байланыстың жақсы болғандығын айта келіп, қазіргі кезде екі ел арасында елшіліктер жіберу мен сауда- саттық жағдай жасау қажеттілігінің туып отырғанын баяндайды. Екі ел арасында саудагерлердің келіп-кетуіне қауіп төндіріп отырған күштерді бірігіп талқандауға ұсыныс жасайды. Хаттың түпнұсқасы Стамбұлдағы Топкапы архивінде сақтаулы. Алғаш рет бұл хатты түрік ғалымы Акдес Нимет Курат 1940 ж. Стамбұлда қазіргі түрік тіліне аударды. 1950 — 70 ж. хаттағы тарихи мәліметтерді А.Ю. Якубовский, С.Е. Малов, М.Г. Сафаргалиев пайдаланды. Хаттың толық аудармасын, түсініктеме мен қосымшасын орыс тілінде Т.И. Сұлтанов жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *